Қасиетті Рамазан айы - мейірімділік пен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің айы. Осы орайда балабақша ұжымы «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты - ұжым арасында ізгілік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін дәріптеу, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, қайырымдылықтың мәнін түсіндіру.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Ізгілік пен мейірімге толы Рамазан айы баршамызға береке мен бірлік әкелсін!