Тәрбиешісі: Нұрсағатқызы Балжан
"Айгөлек" ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Жаулыбекова А.Б
Бегешева С.М
Экочеллендж барысында балалар қарапайым экологиялық іс-эрекеттерді орындайды. Балаларда тазалыққа, ұкыптылыққа деген әдет қалыптасады.
Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Орта "Бота" тобы.
Тәрбиешілер: Тарыбай Б.Е., Есімбаева А.Е.
Тәрбиеші: Айтжан В.Е
Отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған "Әкем, анам және мен" көңілді отбасылық сайысы мектепалды даярлық топтар арасында ұйымдастырылып өткізілді. Барлық сайыскерлерге жүлделі медаль, мадақтама мен сыйлықтар табысталды.
22 наурыз қарсанында ұйымдастырылған "Бауырсақ алып тілек айт" челленджі
"Көрісу күні" құтты болсын - бұл күні - үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін күн, жылы сөзбен ак тілектер айтылатын ерекше мейрам. Осы "Көрісу күні - Амал мерекесіне" орай балабақшамызда Көрісу күні ұйымдастырылды.
Баршаңызға амандық береке және табыс тілейміз!
"Ересек" топтар!
Балабақшамызда 18.03.2026ж. Наурызнама онкүндігі және "Ұлттық киім күніне" орай,
Қазақтың ұлттық киімнің маңызын түсіндіру мақсатында мектепалды даярлық топтары мен ата аналары арасында "Қыз сыны" байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде барлық қатысушыларға мадақтама мен сыйлықтар тарту етілді.
Балабақшамызда "Наурызнама" онкүндігіне орай ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында "Әже тәрбиесі- ұрпақ тәрбиесі" атты мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілердің әжелері арасында сайыс ұйымдастырылды.
Балабақшамызда «Наурызнама» онкүндігіне орай ұлттық ойындарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты ересек топ тәрбиеленушілері арасында сайыс ұйымдастырылды.