13.11.2025 ж. балабақшамызда "Кішкентай зерттеушілер" атты квест форматында қалалық семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамыту, зерттеу арқылы жаңа білім алуға қызығушылығын арттыру. Тәрбиешілердің балаларды зерттеушілік әрекетке баулудағы әдіс - тәсілдерін жетілдіру, инновациялық және тәжірибелік оқыту әдістерін қолдануға ынталандыру" мектепалды және ересек топ тәрбиешілері, тақырыптық ұйымдастырылған іс әрекет өтті. Ұйымдастырылған іс әрекетті эксперименттік жұмыстар арқылы өткізді, өз тәжірибелерімен бөлісті.